Қазақстандық Назым Қызайбай Париж Олимпиадасын соңғы лицензиялар ойнатылып жатқан Таиландтағы турнирдегі жекпе-жекте жарқын жеңске жетті, деп жазады Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында Назым Оңтүстік Кореяның бұрымды боксшысы Джухюнг Джунды таза жеңді. Төрешлірдің бәрі жеңісті қазақстандық боксшыға еш күмәнсіз берді - 5:0.
Айта кетейік, Қазақстан командасынан Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Наталья Богданова (66 кг) турнирден шығып қалған болатын.