Бокс
14 шілде 10:58

Қазақстандық әлем чемпионы өзбекстандық нокаутшыны алғашқы жеңлісіне ұшыратты

©ҚБФ

Қазақстандық Элина Базарова Алматыда өткен бокс кешінде кәсіпқойдағы алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы бұрымды боксшының қарсыласы бұған дейін жеңілмеген өзбекстандық Ситора Шоғдарова (2-1, 2 KO) болды.

Жеңіл салмақта өткен төрт раундтық (әрқайсысы екі минуттан) жекпе-жек Элинаның сенімді жеңісімен аяқталды - төрешінің бәрі жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Базарова кәсіпқой карьерасын жеңіспен бастады, ал Шоғдарова үшін бұл кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс болды.

Элина Базарова әуесқойда-ақ қазақ боксының тарихына енген спортшы. 2022 жылы ол Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен IBA жастар арасындағы әлем чемпионатында финалға дейін жеткен алғашқы қазақстандық қыз атанды. Сол турнирде Базарова ұлттық құрама сапында Азия чемпионы Виктория Байдукованың орнына қатысып, финалда германиялық Крисоваланта Куцоxристуды сенімді жеңіп, Қазақстан қоржынына жасөспірімдер арасындағы алғашқы алтынды салған болатын.


2025 жылы Элина 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанды. Маусым қорытындысы бойынша ASBC (Азия бокс конфедерациясы) нұсқасы бойынша өз жас санатындағы құрлықтың үздік жас спортшысы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport