Британиялық бокс сарапшысы Тейлор О’Хиггинс қазақстандық Санжар Тәшкенбайды Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Старнджа кубогі-2025 турниріндегі 48 келіде алтын алатын басты үміткер деп атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай - 48 келідегі анық фаворит. Алайда қазақстандық қиындықтарға бұрын да тап болған: Азия чемпионатының финалында күтпеген жерден өзбекстандық Шодиржон Меликузиевтен жеңілді", - деп жазады О’Хиггинс.
Санжар Софиядағы жарысты 1/4 финалдан бастайды. 27 ақпанда ол ирландиялық Руни Луиспен жұдырықтасады.