Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді.
48 келіде өнер көрсететін Теміртас турнирдегі алғашқы айқасын Рамазан Рузибайға қарсы өткізді.
Бұл жекпе-жекте Жүсіпов толық басымдық көрсетіп, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Екіншісінде Темертас қарсыласны тағы да есеңгіретті, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады да, Жүсіпов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, Теміртас 2021 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2019) және Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы.