Қазақстандық әлем чемпиондарының кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жектерінің видеосы

Суре: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар Қайрат Ералиев пен Сабыржан Аққалықовтың кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жектерінің видеосын назарларыңызға ұсынамыз. Екі боксшы да Қарағандыдағы бокс кешінде өнер көрсетті. 

Осылайша, 2017 жылы әлем чемпионы болған 30 жастағы Ералиев төрешілер шешімімен өзбекстандық Бахит Абдурахимовты жеңсе, жастар арасында биыл чемпион атанған 18 жастағы Аққалықов өзге өзбекстандықты нокаутқа түсірді.