Қазақстандық Ахмедов "Канеломен" жекпе-жек туралы сөз қозғады

29 қыркүйек 2022 13:35
©Тұрар Қазанағапов

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) WBC-ге берген сұхбатында карьерасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Айта кетейік, Головкин мен "Канелоның" Лас-Вегаста өткен трилогиясында Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңген болатын. 

"Мен үшін кіммен айқасу маңызды емес. Мен тек әлем чемпионының алтын белбеуін иеленгім келеді. Ал кім қарсы келеді - "Канело", Давид Бенавидес, Энтони Диррелл немесе басқасы ма, бәрібір. Бірақ алдымен титул иеленуім керек, сосын айтуға болады. Әзірге белсенді болып, жекпе-жектер өткізе беруім керек. 

Келесі қадамым қандай болатынын білмеймін. Менде команда бар, промоутерлер бар - Том Леффлер, Геннадий Головкин. Олар мен үшін жақсы жоспар құрады. Ал менің жұмысым - жаттығу, рингке шығу және жеңу", - дейді Ахмедов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport