Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (21-1, 16 КО) Дублиндегі (Ирландия) жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті.
Ирландия астанасындағы айқас бүгін, 20 қыркүйекте өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы франциялық Пьер Дибомбе (22-1-1, 12 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелеген.
Ахмедов таразыда 169,9 фунт (77,06 кг), ал Дибомбе - 169,2 фунт (76,6 кг) тартты. Екінші орта салмақ лимиті 168 фунт (76,2 кг), дегенмен титулдық емес айқастарда аздаған артықшылық бола береді.