Бокс
Бүгін 08:52

Қазақстандық 7 боксшы Еуропадағы турнирде жүлде жеңіп алды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшылар Сербия астанасы Белградта өткен беделді халықаралық Belgrade Winner турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы жарысқа 12 боксшыны апарған болатын. Соның жетеуі жүлдегерлер қатарына енді.

Құрама қоржынына жалғыз алтынды Нұрасыл Төлебек салды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сонымен қатар, Нұрбек Мурсал (70 кг) мен Ибрагим Бетаев (90 кг) финалға дейін жетіп, алтынға таласқан еді. Алайда екеуі де төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал қола медаль иегерлері:

Нұрзат Оңғаров (50 кг);
Нұрсұлтан Шілдебай (80 кг);
Аян Қалмағанбетов (85 кг);
Асылан Елдібайұлы (+90 кг).


Айта кетейік, Belgrade Winner турнирі Еуропадағы ең көне әрі ең беделді бокс жарыстарының бірі саналады. Дәстүрлі дода жыл сайын әлемнің үздік былғары қолғап шеберлерін жинайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport