Бокс
29 қазан 11:41
 

Қазақстандық 18 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық 18 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына жетті ©asbcnews.org

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына жеткен қазақстандық боксшылар белгілі.

blog.share

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына жеткен қазақстандық боксшылар белгілі.

Жігіттерден бұл кезеңге сегіз боксшы жетті. Олар Диас Берікбай (48 келі), Бексұлтан Боранбек (51 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Расул Асанханов (92 кг) және Асылан Елдібайұлы (92+ кг).

Ал қыздардан жарытлай финалға шығуға он бұрымды үмітті: Әнел Әбдірәсілова (48 кг), Елянұр Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Аружан Зейноллаева (81 кг) және Панар Сейітханкызы (81+ кг).

Ширек финал жекпе-жектері бүгін, 29 қазан және ертең, 30 қазанда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!