Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына 17 қазақстандық боксшы өтті.
Еске салайық, 1/4 финалда қазақстандық 18 боксшы жекпе-жек өткізді: сегіз жігіт пен он бұрымды.
Сегіз жігіттің бәрі жартылай финалға жетті: Диас Берікбай (48 кг), Бексұлтан Боранбек (51 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Расул Асанханов (92 кг) және Асылан Елдібайулы (92+ кг).
Бұрымдылардан финал үшін Әнел Әбдірәсілова (48 кг), Елянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Аружан Зейноллаева (81 кг) және Панар Сейітханқызы (81+ кг) айқасқа түседі.