Бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық командадан 13 боксшы жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдеге жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалға өткендер:Ерлер арасында алтын жүлде үшін күресті жалғастыратындар:
Махмұт Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Ертуған Зейнулинов (65 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).
Әйелдер арасында жартылай финалға жеткендер:
Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Надежда Рябец (80 кг) және Дина Исламбекова (+80 кг).
Айта кетейік, World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан бұл турнир 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл жарысқа бастапқыда 20 боксшы апарған.