2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл туралы ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бапкердің айтуынша, спортшы жарақат алған.
"Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Бірақ 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Қазақстандағы және әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Сондықтан оның қатысуынсыз да ел чемпионатындағы бәсеке жоғары деңгейде өтеді", – деді Еркебаев Sport+ тілшісіне берген сұхбатында.