Қазақстанда жаттығып жатқан Әлімханұлының жекпе-жекке шығатын күні айтылды

©Top Rank

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды. 

Worldboxingnews мәліметінше, Жәнібек 19 қазан АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort шаршы алаңында өтетін бокс кешіне қатысады. Әлімханұлы міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.

Әлімханұлы - Михайлович айқасы Тим Цзю - Бахрам Муртазалиев шоуындағы басты жекпе-жектің бірі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport