Қазақстанда Головкин мен Мурата жекпе-жегін қай телеарна көрсететіні анықталды

©marca.com

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super чемпионы жапониялық Риото Мурата(16-2, 13 КО) арасындағы айқасты Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Біздің қолда бар ақпарат бойынша, Қазақстанда бұл кездесуді Qazsport және Qazaqstan арналары көрсетеді. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу ресми түрде өтеді деген ақпарат бүгін, 12 қараша күні шықты. Аталған айқас 29 желтоқсанда Жапония жерінде өтеді. Кездесуді DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Токио қаласындағы Saitama Super Arena спорт кешенінде болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: