Euronews жаңалықтар порталы Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында бокстан Қазақстан құрамасының жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионаты аяқталды. Бұл турнир тарихта алғаш рет жаңа Дүниежүзілік бокс федерациясы (World Boxing) аясында ерлер және әйелдер арасындағы жарыстар бір уақытта өткізгенімен ерекшеленді.
Қазақстан тарихындағы ең үлкен серпінді Айбек Оралбай жасады. Ол аса ауыр салмақ дәрежесінде (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық боксшы болды. Бұған дейін бұл салмақта қазақстандық ешбір боксшы чемпион атағын жеңіп алмаған еді.
Сондай-ақ, 26 жастағы Наталья Богданова да тарихқа енді. Ол 70 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстаннан өнер көрсеткен алғашқы әйел спортшы болды", – деп жазады сайт.
Жарнама