Эйндховенде (Нидерланды) 2025 жылғы бокстан беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турнирі аяқталды. Бұл жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты боксшыларды жинады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир төрт күнге созылды және бүкіл тарихындағы ең тартысты жарыс болды.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік команда деп танылды. Еліміздің боксшылары бес алтын жеңіп алып, жүлделік есепте жеңіске жетті.
Ұйымдастырушылар жекелеген номинациялар бойынша да үздіктерді атап өтті:
Ерлер арасындағы үздік боксшы – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
Әйелдер арасындағы үздік боксшы – Габриэлла Веерхейм (Нидерланды)
23 жасқа дейінгі үздік жас талант – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
Нидерландының үздік боксшысы – Финн Бос
Үздік төреші – Руслан Соколов (Украина).
Эйндховендегі турнир өзінің халықаралық маңызы жоғары ареналардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарыс 20-дан астам елдің спортшылары, жаттықтырушылары және төрешілерін біріктірді.
Жарнама