бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Мassaget.kz. Маманның неден көз жұмғаны нақтыланбады.
Феликс Цойдың шәкірттері, танымал спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова бапкердің отбасына көңіл айтты.
"Қазақстанда бокстың дамуына бапкер Феликс Тихонович Цой зор үлес қосты. Оның шәкірттері: Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Қазіргі рингтегі өнерімді бапкерім үйретті. Ол - менің алғашқы тәлімгерім және бапкерім. Оның әр сөзі, әр кеңесі есімде... Әр жекпе-жектегі және әр жекпе-жек алдындағы әңгімеміз есімде! Феликс Тихонович - Аңыз! Мен сізбен жұмыс істегеніме мақтанамын, сізді қатты жақсы көрдім, мәңгі есімдесіз", - деп жазды Ангелина Лукас парақшасында.
Фируза Шарипова Цойдан тәлім алған алғашқы қыз екенін жазыпты.
"Ол маған жеңілсең де, қарсылас көзіне тіке қарау керек екенін айтатын. Ешқашан көңіліңді түсірмеуді, жеңіске сенуді айтатын. Мен үшін ауыр қайғы, жүрегім ауырып барады", - деп жазған спортшы.
Феликс Цой - Жамбыл облысының құрметті азаматы. Ол 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионаттарының жүлдегері (алтын 1999, күміс 1995, қола 1997) Болат Жұмаділовтің бапкері болды.