Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) 7 желтоқсанда орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үш чемпиондық белбеуге арналған жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.
Qazaqstan және Qazsport телеарналары Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші таңғы 6:00-де көрсетілімде басталады.
Жәнібек кейінгі рет биыл сәуір айында Астанада рингке шығып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өз белбеулерін сәтті қорғаған болатын.
Жарнама