Бокс
Бүгін 12:38

Қазақстан World Boxing-тің жаңа турниріне 19 боксшы аттандырды

©иллюстрациялық сурет

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі бокс құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Futures Cup халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа турнир World Boxing ұйымының қолдауымен 8–15 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының сапына барлығы 19 спортшы енді: олардың тоғызы қыздар арасында, ал оны бозбалалар арасында бақ сынайды.

Команданы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады.

Қыздар құрамы

48 кг — Асылай Мұрат
51 кг — Айым Тәнкібаева
54 кг — Марал Төлепберген
57 кг — Ақнұр Тұрсынғали
60 кг — Жасмин Абрамян
65 кг — Айсұлу Мұхит
70 кг — Камила Оспанова
75 кг — Зарина Толыбай
80 кг — Айдана Убайдуллақызы

Бозбалалар құрамы

50 кг — Арман Мірсәбит
55 кг — Едіге Нұрғожа
60 кг — Досжан Жұмқан
65 кг — Даниял Шалқарбай
70 кг — Бибарыс Әшірбай
75 кг — Хамза Мақсатұлы
80 кг — Тимур Тайбеков
85 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай
90 кг — Жалғас Өтебеков
90+ кг — Владислав Саможонов

Айта кетейік, Futures Cup — жас боксшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін жаңа турнирлердің бірі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport