Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының барлық финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалистер саны бойынша Ресей құрамасы көш бастады - 13 салмақ дәрежесінің 12-сінде. Екінші орында - алты боксшымен Өзбекстан құрамасы.
Қазақстан құрамасы үшінші орында - төрт боксшы финалда сынға түседі.
Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларында бір-бір финалист бар.
Қазақстаннан ЧМ-2025 IBA финалында өнер көрсететіндер:
Сәкен Бибосынов (54 кг)
Оразбек Асылқұлов (57 кг)
Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
Сабыржан Акқалықов (75 кг)
Бастапқыда Қазақстан құрамасы жарысқа Ресей және Өзбекстан сияқты 13 боксшы әкелді. 1/8 финалда Ерасыл Жәкпеков (81 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Нурмагамед Юсупов (92 кг) жарыстан тыс қалды. 1/4 финалда Даниял Сабит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг) жеңілді, ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) жартылай финалға дейін жетті.
ЧМ-2025 IBA финалдық жұптары (Қазақстан қатысатын):
54 кг — Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)
57 кг — Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
71 кг — Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей)
75 кг — Сабыржан Акқалықов - Исмаил Мутсолгов (Ресей)
IBA-ның әлем біріншілігінде финалдық жекпе-жектер 13 желтоқсанда өтеді.
Әлем чемпиондары 300 000 доллардан, күміс жүлдегерлер 150 000 доллардан, қола жүлдегерлер 75 000 доллардан, ал ширек финалистер 10 000 доллар алады.
Жарнама