Германияда өнер көрсететін Қазақстан тумасы Роман Фресс (22-1, 13 КО) Хемниц қаласындағы бокс кешінде жекпе-жек өткізді.
30 жастағы Фресс аустриялық Стефан Николичке (9-2, 7 КО) қарсы айқаста бірінші ауыр салмақта WBC International титулын қорғады. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ кездесу аяқталуға бір раунд қалғанда Фресс қарсыласын нокаутқа түсірді.