yI5SuJTGzdmTqR1ytBshS1gh6X5jPHD2RlRGE7Ph
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан тумасы WBA, IBF және IBO чемпионының келесі қарсыласы болуы мүмкін

Қазақстан тумасы WBA, IBF және IBO чемпионының келесі қарсыласы болуы мүмкін
© Fightnews.info
Ресейлік боксшы Сергей Липинец (12-0, 11 КО) алғашқы орта салмақта WBA, IBF және IBO белбеулеріне ие намибиялық Джулиус Индонгамен (22-0, 11 КО) жұдырықтаспақ. Бұл туралы BoxingScene басылымна берген сұхбатында ресейліктің менеджері Алекс Вайсфельд мәлімдеді. 

Менеджердің ойынша, Липинец - Индонго жекпе-жегі ұзаққа созылмайды. Ресейлік қазір IBF атағына міндетті қарсылас. 

"Бұл ереже, оларға не істеу керегін білдіреді, ал біз осыны пайдаланамыз. Мәселен, Жервонто Дэвиске қараңызшы. Оны Лиам Уолшпен жұдырықтасуға міндеттеді. Бізді кейінге шегерді, енд Индонго не белбуді өзі береді, не жұдырықтасады. Бұл бокс кеші қысқа болады, уәде берем", - дейді Вйсфельд.

Индонго биыл WBC және WBO белбеулеріне ие америкалық Теренс Кроуфордпен (30-0, 21 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Кездесу жеңімпазы әлемнің абсолют чемпионы болады. Бұған дейін Кроуфорд 20 мамырға белгіленіп қойған доминиканалық Феликс Диаспен жекпе-жекте жеңіске жетуі керек. 

Вайсфельдтің сөзінше, олар Индонго мен Кроуфорд жекпе-жегін күтпейді. 

"Олар бізді шегере тұруды сұрайтын шығар, біз келіспейміз. IBF-ке өтініш жолдаса, ұйым рұқсат бере ме, жоқ па көреміз. 

Мен Хэймонмен сөйлестім, ол Липинец міндетті түрде Индонгомен жұдырықтасады деп сендірді. Липинец оны ұйықтатады. Мен оған ыңғайлы болу үшін жастық ала келемін", - дейді Вайсфельд. 

Еске салайық, Индонго осы демалыста британиялық Рикки Бернзды ұтып, WBA белбеуіне ие болды. Ал IBF және IBO белбеулерін Мәскеуде өткен жекпе-жекте ресейлік Эдуард Трояновскийді бір минутта нокаутқа түсіріп, иеленген болатын. 

Айта кетейік, 28 жастағы Липинец Ақмола облысындағы Мартұқ ауылында дүниеге келген.  Ол кикбоксингтен әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында Ресей, Еуропа және әлем чемпионы болған. 2014 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтті. Осы уақытқа дейін 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
23 қыркүйек, 20:35
Бокс
Усик пен Джошуа көз арбасты Усик пен Джошуа көз арбасты