Бокс
10 қазан 2021 10:19
 

Қазақстан тумасы нокдауннан кейін есін жиып қарсыласын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы нокдауннан кейін есін жиып қарсыласын жеңді ©sportschau.de

Қазақстанда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Германияның атынан шығатын Роман Фресс (14-0, 8 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO ұйымының құрлықтың чемпионы атағын сақтап қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстанда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Германияның атынан шығатын Роман Фресс (14-0, 8 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO ұйымының құрлықтың чемпионы атағын сақтап қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Германияда GETEC Arena спорт кешенінде өткен бокс кешінде Фресс италиялық Лука Д’Ортенцимен (15-2, 4 КО) кездесті. Жекпе-жектің төртінші раундында Роман нокдаунға түсіп қалды. Бірақ есін жиып, айқасты ары қарай жалғастырды. 

Сөйтіп боксшылар жоспарланған он раундты жұдырықтасып шықты. Оның қорытындысы бойынша жеңісті (екі төреші 95-94, бір төреші 97-92) Фресске берді. 

Осылайша Фресс кәсіпқой бокстағы 14 кездесуінде 14 жеңісіне қол жеткізді. Оның сегіз жекпе-жегінде бұл боксшы қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Д’Ортенци карьерасында екінші мәрте жеңілді. Оның еншісінде 15 жеңіс бар. 

Ал бұл бокс шоуының басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBA және IBO белбеулерінің иегері неміс Робин Красники (51-7, 19 КО) отандасы Доминик Беселден (32-2, 12 КО) жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!