Қазақстан тумасы IBF чемпиондық белбеуіне таласады. Қарсылас те белгілі

16 қыркүйек 2021 18:31
©www.tapology.com

Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның атынан шығатын Артур Манн 16 қазан күні "Арена Ригалада" латвиялық боксшы Майрис Бриедиспен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Tvnet.lv хабарлайды. 

Аталған бокс кешінде Манн мен Бриедис бірінші ауыр салмақта IBF белбеуіне таласады. 

Бұл Бриедис үшін бір жылдық үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жегі болады. Ол жалпы кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен. 

Ал Манн болса 18 айқас өткізіп, оның 18-інде жеңген. 

Айта кетейік, Артур Манн 1990 жылы Ақтқбе қаласында дүниеге келген. Бірақ екі жылдан кейін отбасымен бірге Германияға көшіп кеткен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар