Қазақстанның бокс құрамасы Бангкокта (Таиланд) өткен Futures Cup U-19 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, түрлі дәрежедегі 11 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Таиланд астанасында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Futures Cup U-19 халықаралық бокс турнирі аяқталды. Жарыс World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, осы жобаның тарихындағы алғашқы турнир болды.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 жүлде жеңіп алды: төрт алтын, төрт күміс және үш қола.
Алтын иегерлері:
• Айдана Убайдуллақызы (80 кг)
• Досжан Жұмахан (60 кг)
• Хамза Мақсатұлы (75 кг)
• Бейбарыс Әшірбай (70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
• Жалғас Өтебеков (90 кг)
• Камила Оспанова (70 кг)
• Тимур Тайбеков (80 кг)
• Владислав Саможонов (90 кг-нан жоғары)
Қола алғандар:
• Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг)
• Ақнұр Тұрсынғали (57 кг)
• Зарина Толыбай (75 кг)
Айта кетейік, Futures Cup U-19 турниріне Қазақстан құрамасы 19 спортшыдан тұратын құраммен қатысты. Олардың қатарында он ер және тоғыз бұрымды боксшы болды.
Жарнама