Қазақстандық боксшы Бағлан Кенжебек Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" - 2026 турниріндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында ол моңғолиялық Билгуунсейхан Хархууға қарсы шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 0:5 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, жартылай финалға өткен моңғолиялық спортшы кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Ал Бағлан Кенжебек үшін турнир осы кезеңде аяқталды.
Жарнама