Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж қарсаңындағы маңызды жаттығу жиындарының бірін аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшылар дайындық кезеңін жоғары деңгейде өткізген.
"Боксшыларымыздың жаттығу жиыны өте сапалы өткенін айту керек. Жігіттердің барлығы тапсырманы тиянақты орындады. Ең бастысы - ешкім ауырып қалған жоқ. Бәрі де бабына еніп келе жатыр.
Қазіргі таңда біз боксшыларға аздаған үзіліс бердік. Барлығы да үйлеріне кетті. Көп ұзамай қайта жиналамыз. 9-20 шілде аралығында Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны өтеді",- деді Айтжанов.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.
Қазақстан намысын төмендегі боксшылар қорғайды:
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
81 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.