Қазақстан 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына бокстан бірінші жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында 57 келідегі қазақстандық Карина Ибрагимова моңғолиялық Намун Монхорды таза жеңіп, олимпиадалық лицензия иеленді.
Осылайша, Карина әзірге Азияданың кемі қола жүлдесіне ілігіп тұр.
27 жастағы Ибрагимова 2022 жылғы Азия чемпионы, сонымен қоса, ол ӘЧ-нің бірнеше дүркін жүлдегері - екі рет қола (2018, 2022) және бір күміс (2023).