Бүгін, 17 қарашада Үндістанның Нью-Дели қаласында World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем Кубогі финалында екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстаннан рингке бес спортшы шығады.
Күндізгі сессия Астана уақытымен 13:30-да басталады:
55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек – Паван Бартвал (Үндістан);
75 кг: Аман Қонысбеков – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан);
90 кг: Бекзат Таңатар – Навин Кумар (Үндістан).
Кешкі сессия 17:30-да өтеді:
50 кг: Нұрзат Оңғаров – Сингх Джадумани Манденгбам (Үндістан);
70 кг: Нұрбек Мұрсал – Ихтиар Нишонов (Қырғызстан).
Жарыс 16 мен 20 қараша аралығы өтеді.
Жарнама