Қазақстан Олимпиадаға іріктеу турнирін өткізеді

©Instagram/boxingkazakhstan

8-10 сәуір аралығында Астана қаласында бокстан 63,5 келі салмақ дәрежесінде іріктеу өтеді. Олимпиадаға баруға үмітті 6 боксшы арасындағы жарыста жеңгені Бангкоктағы лицензиялық жарысқа қатысады. 

Елордадағы іріктеу жарысына Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Сабырхан Төрехан, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. 


"Мұндай турнирді алғаш рет өткізгелі отырмыз. Іріктеуге қатысатын боксшыны осындай спаррингпен таңдаймыз. Жеңіске жеткен спортшы лицензиялық жарысқа қатысады", - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

 Қазіргі таңда ерлер арасында 63,5 кило салмақта ғана Олимпиада жолдамасы жоқ. Өзге салмақта отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына жолдама алып үлгерді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар