Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің барлық финалистері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстаннан екі финалистАзия ойындарының алтыны үшін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан, ал 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай жұдырықтасады.
Сабырхан финалда Иордания боксшысы Зияд Ишаишпен кездессе, Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.
Ерлер арасындағы финал:55 келі: Карло Паалам (Филиппин) - Руи Ямагучи (Жапония);
60 келі: Абдумалик Халоков (Өзбекстан) - Чан Дон Хван (Оңтүстік Корея);
70 келі: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) - Зияд Ишаиш (Иордания);
80 келі: Анкуш (Үндістан) - Ким Мин Сон (Оңтүстік Корея);
90 келі: Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан) - Хань Сюэчжэнь (Қытай);
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай (Қазақстан) - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Өзбекстаннан үш ер боксшы финалға өтті
Ерлер арасындағы турнирде финалистер саны бойынша Өзбекстан көш бастап тұр - үш боксшы шешуші жекпе-жекке жолдама алды. Халоков пен Хабибуллаевтан бөлек, финалға Зокиров өтті.
Қазақстан, Жапония және Оңтүстік Корея құрамаларынан ерлер арасындағы финалға екі-екіден боксшы өтті. Жалпы, ерлер арасындағы алтынға жеті елдің өкілдері таласады.
Қытайда финалистер саны көпӘйелдер арасындағы турнирде финалға Қытайдан төрт боксшы өтті. Үндістан мен Қытай Тайбэйінен екі-екіден спортшы финалға жолдама алса, Жапония мен Вьетнамнан бір-бір боксшы шешуші кезеңге өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның бұрымдылары финалға жете алмады.
Азиададағы бұрымдылар арасындағы финал:51 келі: У Юй (Қытай) - Нгуен Тхи Там (Вьетнам);
54 келі: Цукими Намики (Жапония) - Чжао Сюань (Қытай);
60 келі: Линь Юй-Тин (Қытай Тайбэйі) - Ян Чэньюй (Қытай);
65 келі: Чэнь Няньцинь (Қытай Тайбэйі) - Парвин (Үндістан);
75 келі: Бао Цзыи (Қытай) - Ловлина Боргохаин (Үндістан).
Ерлер және әйелдер арасындағы турнирлерді қоса есептегенде, финалистер саны бойынша Қытай көш бастап тұр - бес спортшы. Өзбекстан мен Үндістанның финалда үш-үштен өкілі бар. Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай Тайбэйінен екі-екі финалист. Филиппин, Вьетнам және Иорданиядан бір-бір спортшы алтын үшін жұдырықтасады.
2026 жылғы Азия ойындарындағы алтын үшін финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.