Қазақстан құрамасының боксшысы Гүлсая Ержан Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалда 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз украиналық Олеся Крысюкпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші айналымына қазақстандық боксшылардан Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербеков (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Дина Жоламан (54 келі) жеңіске жеткен еді.
Ал Валентина Хальзова (70 келі) екінші айналымда кореялық Сижун Сеоннан үстем түсіп, әлем біріншілігінің ширек финалына шықты.