Қазақстан құрамасының Олимпиадаға жолдама үшін жекпе-жектеріне тікелей трансляция

© ҚБФ
Бүгін, 10 наурыз Амманда (Иордания) 2020 Олимпиадаға жолдама ойнатылатын турнирдің Қазақстан құрамасының қатысуымен жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалға өту үшін Қазақстан құрамасынына ерлер арасында жеті боксшы жекпе-жекке шығады: Закир Сафиуллин (63 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69), Василий Левит (91), Серік Теміржанов (57), Әбілхан Аманқұл (75), Бекзад Нұрдәулетов (81г) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+91).

Қазақстан астанасының уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке Сафиуллин, Жүсіпов пен Левит шығады.

21:00-дегі кешкі сессияда Теміржанов, Аманкқұл, Нұрдәулетов пен Қоңқабаев, сондай-ақ, Надежда Рябец өнер көрсетеді.

Бұл жекпе-жектерді QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.