Бокс
Кеше 19:06

Қазақстан құрамасының көшбасышысы АҚШ боксшысымен айқасты

©

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Рима Волосенко София қаласында (Болгария) өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Волосенкоға америкалық Алиша Крокетт қарсы тұрды. Үш раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Алғашқы үш минуттық кезең 5:0 есебімен Волосенконың пайдасына шешілді. Екінші раундта да ол басымдық танытып, 4:1 есебімен алға шықты. Шешуші кезеңде қарсыласқа тек нокаут қана көмектесе алатын еді, алайда, отандасымыз бұған жол бермей, жекпе-жекті айқын басымдықпен аяқтады — 5:0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport