Бокс
6 қыркүйек 2023 09:42

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Париждегі ойындарға үлкен мақсат қойды

©olympic.kz

51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов QAZAQ RING Youtube-арнасына берген сұхбатында басты арманы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сәкен 2021 жылы Белградта өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 

"Өзімнің жоспарым, мақсатым, арманым бар. Бала кездегі арманым - Олимпиада чемпионы болу ғой. Бірінші кезекте лицензия алып, сосын Париж төрінде арманыма қол жеткізу үшін аянып қалмай, соңына дейін күресемін", - дейді Бибосынов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport