Қостанай облысының боксшысы Надежда Рябец 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Қарағанды облысының боксшысы Айдана Убайдуллақызымен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқандықтан, кездесу өтпейтін болды.
Осылайша, Рябец жекпе-жексіз алтын жүлдені иеленді, ал Убайдуллақызы күміс жүлдегер атанады.
Еске салайық, Рябец 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол - 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.