Кешегі жартылй финалда Қоңқабаев аустралиялық Джастис Ханимен жұдырықтасу керек болатын. Алайда команда капитаны жарысты жалғастырмады. Боксшының сөзінше, бұған себеп жарақат болды.
"Аллаға шүкір мақсатыма бір табан жақындап, Олимпиада ойындарының лицензиясы бұйырды! Осы жеңісіме себепші барша жандарға алғысым шексіз! Жарақатыма байлатысты жарыс жолын жалғастырмадым. Ең бастысы лицензия бар. Енді екі есе еңбек етіп, Олимпиада ойындарына дайындалып. Ел үмітін ақтауға бар күш жігерімізді саламыз. Қалған жігіттерге ақтық сында сәттілік!", - деп жазыпты Қамшыбек Instagram желісінде.
28 жастағы қазақстандық боксшы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. Ширек финалда қытайлық Маимаити Айхемаити жеңіп, жолдама иеленген болатын.