Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы келесі айқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалға жолдама үшін 67 келіде Абылайхан "Машина" лақап атты венесуэлалық Кристиан Паласиомен айқасады. Бұл жекпе-жек 28 қазанда өтеді.
Еске салайық, биылғы әлем біріншілігінің бірінші кездесуінде Абылайхан Жүсіпов тайбэйлік Лин Ю атты боксшыны таза жеңді.