Қазақстан құрамасының капитаны кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

MTK Kazakhstan компаниясы Алматыда өткізген бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қоңқабаевтың қарсыласы кәсіпқойда 21 кездесу өткізген Ақбербаев болды. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды.  

Бұл Ақбербаевтың карьерасындағы екінші жеңіліс, сонымен қатар, ол 20 рет жеңіске жеткен (15 нокаут). 2019 жылы қарашада Ақбербаев ресейлік Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкодан (20-1, 15 КО) жеңілген.

28 жастағы Қоңқабаевтың 2021 жылға шегерілген Олимпиадаға жолдамасы бар. Әзірге ол кәсіпқойға толықтай ауысып кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Әуесқойда Қамшыбек 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
Жаңалықтар