Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келідені жоғары салмақтағы 1/4 финалда ол Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы, кәсіпқой бокста нокаутпен екі жеңісі бар Италия боксшысы Диего Ленциге қарсы жұдырықтасты.
Жекпе-жек үш раунд толық өтіп, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Айбектің есебіне жазды. Айта кетейік, үшінші раундта Айбектен бір ұпай шегерілді, ал италиялық боксшы нокдаунға түскен еді.
Осылайша, Айбек жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені иеленіп отыр.