Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай ертең басталатын Чиангмайдағы (Таиланд) Азия чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады.
"Осыған дейін жасөспірімдер, жастар құрамасының капитаны болдым. Әрине, жауапкершілік сезінемін. Дайындық жақсы өтті. Куба мен Ресей боксшыларымен спаррингтер бізге пайдасын тигізді деп ойлаймын. Таиландта жеңіс үшін барымызды саламыз. Алтын жүлде жеңіп алуға ынталымыз", - деп береді Айбектің сөзін Sportnews.kz.