Бокс
11 қыркүйек 09:08
 

Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатының жүлдесін алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатының жүлдесін алды ©ҚБФ

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалындық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалындық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

+90 келі салмақ дәрежесінде ол хорватиялық боксшы Лука Пратлячичпен жұдырықтасты. Үш раундқа жоспарланған айқас алғашқы кезеңнен-ақ Айбектің айқын басымдығымен өтіп, қазылар бірінші раундта қазақ бкосшының пайдасына 5:0 есебін тіркеді. Екінші үш минуттық кезең де дәл осындай есеппен Оралбайдың еншісіне жазылды.

Үшінші раундта да Оралбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жартылай финалға жолдаманы жеңіп алды және кемі жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр. Ал Пратлячич турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, Айбек Оралбай бокстан екі дүркін Азия чемпионы (2022, 2024).

Лука Пратлячич 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!