Бокс
2 қараша 2021 19:59

Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

©ҚФБ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем чемпионатының ширек финалында Жүсіпов тәжірибелі моңғолиялық Чинзоринг Батарсунгқа қарсы өнер көрсетіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Жүсіпов үшінші рет әлем чемпионатының жүлдесіне ілігіп отыр. Бұған дейін ол Гамбург пен Екатеринбург қалаларында өткен біріншілікте қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Ал капитанымыздың жартылай финалдағы қарсыласы жапониялық жігіт Севонрет Оказава болады. Бұл жігіт ширек финалда шаршы алаң қожайыны Вахид Аббасовтан айласын асырды. 

Айта кетейік, Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан Қазақстан құрамасының үшінші боксшысы атанды. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) шыққан еді. 

60 келіге дейінгі салмақтағы Санатәлі Төлтаев болса, ширек финалда ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport