Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Ораблай Таиландтағы бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетті.
92 келден аса салмақтағы қазақ боксшының қарсыласы қытайлық Абудурешити Ремула болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді - 5:0.
Осылайша, Айбек өзі үшін жаңа салмақта Азия чемпионы атанды.