Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіров әлем чемпионатының ширек финалына шықты

©ҚФБ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz порталы.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен капитанымыз 1/8 финалда польшалық боксшы Дамиан Дуркачқа қарсы жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша бұл кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Жүсіповке берді.

Енді әлем чемпионатының ширек финалында Жүсіпов моңғолиялық боксшы Чинзоринг Батарсунгқа қарсы кездесу өткізеді. Ол өз кезегінде мексикалық Марко Эрнандестен үстем болды.

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы төрт боксшымыз өнер көрсетеді. Олар  - Нұрқанат Райыс (75), Сәкен Бибосынов (51), Санатәлі Төлтаев (63,5) және Нұрбек Оралбай (80). Бұл кездесулердің трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар