Қазақстан құрамасының боксшысы Олимпиадаға іріктеу финалында өзбекстандық қазақтан жеңілді

Закир Сафиуллин. Сурет: Данияр Майлыбаев©
2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Амманда өтіп жатқан аймақтық турнир финалында  қазақстандстандық Закир Сафиуллин [63 келіге дейін] Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымовтен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

33 жастағы Сафиуллин өзбекстандық боксшыдан төрешілер шешімімен жеңілді - 3:2. Осылайша, ол Иорданияда өткен лицензиялық турнирдің күміс жүлдегері атанды. 



Айта кетейік, Закир Сафиуллин осыған дейін Токио Олимпиадасы жолдамасын иеленіп үлгерген еді.