Қазақстан құрамасының боксшысы чемпионды нокдаунға түсірді

Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокста алғашқы айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокста алғашқы айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
24 жастағы Нұрқанат Ақтаудағы бокс кешінде өнер көрсеттті, оның қарсыласы ирандық боксшы Саджад Каземсадех Поштири (2-0-1, 2 КО) болды.
Орта салмақ лимитиіндегі жекпе-жек алты раундқа есептеліп, толықтай өтті. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Нұрқанатқа берді. Бесінші раундта қазақ бкосшы қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік.
Осылай, Нұрқанат кәсіпқойда алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, ал Поштири карьерасында бірінші рет жеңіліп отыр.
Нұрқанат Райыс Қазақстан құрамасында 75 келіде өнер көрсетеді. Әуесқойда ол 2022 жылғы Азия мен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Поштири бірінші орта салмақта Азия бокс федерациясының (ABF) чемпионы.
Жарнама