Қазақстан құрамасының ардагері Бакуде алтынға жете алмады
Бүгін, 28 наурыз Әзірбайжан астанасында "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінің финалдық айқастары өтуде, деп жазады Vesti.kz.
Бүгін, 28 наурыз Әзірбайжан астанасында "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінің финалдық айқастары өтуде, деп жазады Vesti.kz.
Алтын үшін айқасқа Қазақстан құрамасынан рингке бірінші болып Теміртас Жүсіпов шықты. 48 келдегі финалдық жекпе-жекте ол әзірбайжандық Хасан Маликовпен жұдырықтасып, ұпай санымен есе жіберді.
Осылайша, Маликов алтын, ал Жүсіпов күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 36 жастағы Теміртас 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, Азияың екі дүркін чемпионы (2013 және 2019), Бүкіләлемдік әскерилер ойындарының жеңімпазы (2019)0, әскерилер арасында әлем чемпионы (2021) және Қазақстан біріншілігінің алты дүркін жеңімпазы (2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018).
Жарнама