auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасының алты боксшысы Әзірбайжандағы халықаралық турнир финалына шықты

Қазақстан құрамасының алты боксшысы Әзірбайжандағы халықаралық турнир финалына шықты
© ҚБФ
Әзербайжан елінің астанасы Бакуде "Жібек жолы" халықаралық турнирі өтуде. Қазақстандық алты боксшы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшылары жарысты сәтті өткізуде. Сегіз боксшы жартылай финалға жеткен. Алайда Ермек Мәдиев өзбекстандық Нодиржан Мирзаахмедовке есе жіберсе, Алмасбек Әлібеков ресейлік Алиша Шариповқа жол берді. Нәтижесінде екі боксшы да жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

1/2 финалда да қазақ-өзбек боксының текетіресі жалғасты. 49 келі салмақта отандасымыз Шалқар Айқынбай өзбек боксшысы Жасурбек Латиповтан басым түсті. Финалда Шалқар Ермек Мәдиевті жеңген өзбек боксшысы Нодиржан Мирзаахмедовпен жұдырықтасады.

52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Байниязов Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіруі керек болған. Алайда өзбек боксшысы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Отандасымыз финалда әзербайжандық боксшы Юсифзада Масудпен кездеседі. 56 келі салмақта Оразбек Асылқұлов жарыстың алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады.

Ол жартылай финалда марокколық Абдулазиз Елмандиді жеңді. Оразбек те финалда әзербайжандық боксшыға қарсы шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - Тайфур Алиев.

64 келі салмақта екі бірдей боксшымыз 1/2 финалға шыққан. Бірі ұтып, бірі ұтылды. Сабыржан Бақбергенов әзербайжандық Фарид Агамоглановқа мықтылығын мойындатты. Ал Алмасбек Әлібек ресейлік боксшыны ұта алмады. Сабыржан финалда Алмасбекті жеңген Алиша Шариповпен жұдырықтасады.

Қазақтың салмағында Мәулен Өскенбек сәтті жұдырықтасып келеді. Ол жартылай финалда Ирактан келген боксшы Сахим Кадимді ұтты. Финалда өзбек боксшысы Икболджон Холдаровпен қолғап түйістіреді.

Аса ауыр салмақта (+91 келі) Данила Семенов шаршы алаң иесі Садик Самедовтан 3:2 есебімен басым болды. Финалдағы қарсыласы - өзбек Обиджон Тахиров.

Финалдық жекпе-жектер ертең өтеді.

46-49 келі Шалқар Айқынбай – Нодирджон Мирзаахмедов (Өзбекстан)

52 келі Олжас Байниязов– Юсифзада Масуд (Әзербайжан)

56 келі Оразбек Асылқұлов – Тайфур Алиев (Әзербайжан)

64 келі Сабыржан Бекбергенов – Алиша Шарифов (Ресей)

69 келі Мәулен Өскенбек – Икболджон Холдаров (Өзбекстан)

+91 келі Данила Семёнов – Обиджон Тахиров (Өзбекстан)

Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Әзербайжан құрамасы алда тұр. Жарыс иелерінің жеті боксшысы алтын жүлде үшін жұдырықтасады. Өзбекстан құрамасы сапында бес боксшы финалда бақ сынайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама