Қазақстандық Илья Калинин Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай жеңіл салмақтағы алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте оған әзербайжандық боксшы Эльнур Маммадов қарсылас болды.
Калинин жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, алайда, шешуші соққы жасауға асықпай, оған қайта күш жинауға мүмкіндік берді. Екінші раундта Маммадов тағы да нокдаунға түсті, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін Илья Калинин әуесқой деңгейде Қазақстанның бокс құрамасының сапында өнер көрсеткен.
Жарнама